«Қамқор» экологиялық жобасы аясында Полтавка ауылының жалпы білім беретін мектебінде «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» атты акция өтті. Іс-шараны мектеп парламенті вожатый Султанова З.З.-нің қолдауымен ұйымдастырды.
Акция барысында оқушылар табиғи және қайта өңделген материалдарды үйлестіре отырып, құстарға арналған қоректендіргіштер жасады. Бұл шара арқылы балалар қанатты достарына қамқорлық танытып қана қоймай, екінші рет пайдалануға болатын ресурстарды табиғат игілігі үшін қолдануға болатынын көрсетті.
Осындай бастамалар оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, Жер планетасына деген жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді.