«Ақмола облысы білім басқармасының  Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімі Полтавка  аулының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Полтавка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Языковая школа

02.08.2017

Тілге құрмет- елге құрмет

Бүгінгі жас ұрпақ – егеменді еліміздің, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі. Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі- оқу білімінің саналығымен өлшенеді. Қазір барлық

жерде әрбір ұлт өзінің тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін жаңғыртып, оны жас ұрпақтың тал бойында дарыту мақсатында батыл қадамдар жасауда. Тәуелсіз

Қазақстанның тірегі мықты болуы үшін ең алдымен ұрпақ тағдырын ойлауымыз керек. Тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі жас ұрпаққа білім , саналы тәрбие беру, оны қазіргі заманға сай тәрбиелеу сияқты қиыны мен қызығы бірдей іс- ұстаз еншісіне тиген міндетпен парыз.

Бірінші шілдеден бастап 31 шілдеге дейін КММ “Атбасар ауданының білім бөлімінің Полтавка орта мектебінде” “Тілдер ғаламшары” атты жазғы тілдер мектебі жұмыс істеді. Оқушылар жоспарлаған бағдарлама бойынша есте сақтаған өз білімдерін қайталап, өткен тақырыптарды пысықтап, ой - өрісін, білім деңгейін кеңейтті. Үйірмеге 5-8 сынып оқушылары қатысты.

Жоспарланған бағдарлама бойынша балалар бір- бірімен өзара сөйлесіп, диалог, монологтар құрастырды. Оқушылар “Менің отбасым”, Менің үйдег ітәрбиеленушілерім”, “Менің хоббиім”, “Бос уақытым”, Тағамдар”,“Дүкенде”, “Ауа- райы”, “Үстел ойындары”, “Қазақ халқының қозғалыс ойындары”,”Спорт” т.б. тақырыптар бойынша әр түрлі тапсырмалар орындады: әңгімелесу, сөйлесу, диалогтар, монологтар құрастыру, сұрақ-жауап, грамматикалық ережелерді қайталау, бекіту, аудару, баяндау, зерттеу, өлеңдерді мәнерлеп оқу,экскурсия. Пән кабинетінің көркі көрнекіліктің пайдасы жөнінде ұлы педагог Ушинский: ”Баланың табиғаты көрнекілікті ашық талап етеді”

–деген болатын. Сондықтан жазгы тіл

мектебі информатика кабинетінде

интерактивті тақта бойынша жұмыс істеді.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кисекова Г.Н. жазғы тілдер мектебінде әр түрлі сыныптан тыс шаралар өткізді: “Тіл білгірі”, “Қазақ тілінің білгірі”,

“Тіл жүйрікте кім жүйрік?”, “Интеллектуалды сайыс”, “Бәйге “ ойыны, “Қазақстанның болашағы қазақ тілінде” деген сайыс .Осы сайыстарда оқушылыр өз өнерлерін ортаға салып тән ерекшелегін, қабілетін, өмірге деген көзқарасын көрсете білді.

Оқушылардың қазақтың тарихына, мәдениеті мен салт- дәстүріне деген шынайы құмарлы байқалды. Өткен шараларда тіл туралы мақал- мәтелдер, тақпақтар айтылып, “1001 мақал” “101 жұмбақ” деген тіл туралы виктириналар өткізілді. Бұл өткізген шаралардың көздеген мақсаты: оқушылардың мәнерлеп оқу шеберлігін көрсету, өз тіліне, өзге тілге деген құрмет сезімдерін білдіру. Оқушылар өткізген шараларға белсене қатынасумен ғана танылмай, өздерінің қазақ ән-өлеңдерін, мақал – мәтелдерін, қазақтың дәстүрлерін, ұлттық ойындарын білетіндіктерін, туған жерге деген мақтаныштарын жан- жақты көрсете білді. Шараларға ең белсенді қатысқан оқушылар: Репко Елизавета, Коныбаев Алдияр, Гудилина Инесса, Моор Элина, Моор Виктория, Иващенко Константин.

Тіл мектебінің жетекшісі : Кисекова Г.Н.

Просмотров: 466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст