2017 жылғы 17 наурызында Полтавка орта мектебінде 17 наурызда «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» Занының, «Мәңгілік ел» идеясының құндылық негізгерін іске асыру мақсатында өзге ұлт
өкілдері оқушыларының арасында қазақ тілінен шығармашылық байқау өткізілді. Мақсаты : өзге ұлт оқушыларының ғылыми-зерттеу және оқу-танымдылық қызметін ынталандыру, жас өспірімдердің отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, олардың әлеуметтік белсендігін қалыптастыру,тіл мәдениетінің деңгейін мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру, қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтандыру, қазақ әндері мен қазақ
сазгерлерінің шығармаларын насихаттау.
Аталған шараға Полтавска орта мектебінен 10 оқушы, Титовка бастауыш мектебінен 1 оқушы қатысты. Ережеге сәйкес байқау 4 бағыттан өтті : әдебиеттік-көркем оқу , музыкалық қонақжай, ұлттық қолөнері,
көркем театрландырылғын көрініс . Әділ қазылардың шешімі бойынша байқаудың жеңімпаздары да анықталды.
«Әдебиеттік –көркем оқу » номинация бойынша: 2-4 сынып арасындағы байқау - бас жүлде - Мозер Гриша (Титовка бастауыш мектебі, 2 сынып ), І орын – Дженаралиева Алман(2 сынып ), ІІ орын – Осипова Саша (3
сынып), Тыщенко Антон (2 сынып) ; 5-8 сынып арасындағы байқау : І орын - Мозер Карина (7 сынып ) , ІІ орын - Пац Эвелина (5 сынып ), ІІ орын – Крапивко Дарья (5 сынып), ІV орын – Репко Лиза (7 сынып).
«Музыкалық қонақжай» номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Тыщенко Зинаида бас жүлдеге ие
болды .
«Ұлттық қолөнері» номинациясы бойынша І орынға ие болған 9 сынып оқушысы Лосева Регина.
Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!!! Жетістіктеріңіз мол болсын!